Елімізде КВИ белгілері бар пневмониядан екі адам көз жұмды

Елімізде КВИ белгілері бар пневмониядан екі адам көз жұмды
фото: tengrinews.kz

Елімізде бір тәулікте екі адам пневмониядан көз жұмды.

Coronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, 3.07.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 82 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, 81 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 57428, 1006 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52617 жетті.