Елорда әлемдегі ең ірі спорттық қалалар қатарына қосылуы мүмкін

Қазірдің өзінде бұнда мыңға жуық спорт нысаны бар.

Ал спортпен тұрақты шұғылданатындар саны 370 мыңнан асады. Миллионнан аса тұрғыны бар қала үшін бұл өте жоғары көрсеткіш. Салаға жауапты мамандар енді инфрақұрылымды одан әрі жетілдіріп, оны барынша қолжетімді қылуға тырысып жатыр.

Қызықты статистиканы тауып алдық. 1998 жылы, яғни елорда болып жатқан алғашқы жылы қалада 70 спорттық нысан жұмыс жасапты. Ал спортпен тұрақты шұғылданатындар саны 18 мыңға жуық қана. Ал енді арада 23 жыл өтті және көрсеткіштер кәдімгідей өсті. Жыл сайын, иә, жыл сайын ондаған спорт орталығы қолданысқа беріледі.

Самат Ерғалиев, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Енді жыл сайын еліміздің тұрғындары да көбейіп келе жатыр. Қаламыз да өсіп келе жатыр. Тұрғындар көбейген сайын біз де қолжетімді спорттық алаңдарды жасауымыз керек. Былай айтатын болсақ, қалада 300-ге жуық шағын футбол алаңы бар. Баскетбол ойнайтын плошаткалар 40-қа жуық. 

Бұған қоса, қазір қалада 70 шақырымнан аса веложолақ төселді. Оған паралель жатқан жүгіру жолақтары тағы бар. 4 бірдей парк ашылып, спорттық құралдармен жабдықталды.

Қысқасы, қалада бос жатқан әр жерді, әр бұрышты барынша тиімді пайдаланып, бұқаралық спортты дамыту мақсаты тұр. Соның арқасында жергілікті тұрғындардың 31 проценті тұрақты спортпен шұғылданады. Көрсеткіш, короновирусқа қарамастан, яғни, барлық жарысты тұралатып тастаса да, соңғы жылда 1 жарым проценке артқан.

Ержігіт Өсербай, Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшының орыбасары:

– Тығырықтан шығу мақсатында, пандемия болғандықтан хавлықтың көбі таза ауада, сыртта уақыт өткізуге, соған бағытталған жұмыстар атқарылды. Қазір заманауи мүмкіндіктерді пайдалана отырып, мобильді қосымшалар арқылы қашықтықта жұмыс жасау арқылы спорттық шаралар өткізіп жатырмыз. Өз нәтижесін беріп жатыр.

Иә, қазір Астана марафоны, Нұр-Сұлтан триатлоны, Алғашқы қар не Бұрқасын сияқты шараларды көпшілік тағатсыздана күтеді және құлшына қатысады. Тпті, еліміздің түкпір-түкпірен арнайы келетіндер де бар. Яғни, соңғы жылдары елордамыз тек қаладағы емес, бүкіл елдегі бұқаралық спорттың дамуына өзіндік дүмпу әкелді. Әлі есімде, 2017 жылы қалада күнделікті республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар өтіп, астанамыз әлемдегі ең ірі спорттық қалалар қатарына қосылған. Одан кейін короновирусқа қатысты жағдай бәрін тұралатып жастады. Енді саланың басы-қасындағылар Нұр-Сұлтан қаласын бұқаралық спорттың дамуы және спорттық қолжетімділігі жағынан әлемнің алдыңғы қатарына шығарғысы келеді. Оған әлеуетіміз жетеді дейді.

Авторлары: Аслан Қаженов, Жандос Сұлтанғазы, Диас Қобланбаев