424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жасыл желек қорын сақтау үшін маңызды шешім қабылданды

  • 85
  • UPD: 17:49, 13.07.2021

Ақтөбеде жасыл желек қорын сақтауға арналған маңызды шешім қабылданды.

Енді заңсыз шабылған бір тал үшін 20, ал қызыл кітапқа енген әрбір ағаш үшін 30 түп отырғызылуы керек. Бұл тал-теректерді кескен мердігерлер төлеуі тиіс айыппұлдан бөлек қойылатын талап. Бұған құрылыс жұмыстарының нәтижесінде өсіп тұрған ағаштардың оталуы және орнына жас көшеттер отырғызу талаптарының орындала бермеуі де себеп болған.

Евгений Лазарчук, облыстық мәслихаттың депутаты:

- Отырғызылатын жас көшеттің де көлемі анықталды. Енді оның биіктігі екі жарым метрден кем болмауы тиіс және міндетті түрде тамыры құммен жабық күйінде қойылуы қажет. Бұл талдың қурап қалмай, тезірек жерсініп, бой алуына мүмкіндік береді. Осындай әдіспен отырғызылған көшет екі жыл күтімнен кейін ғана тиісті құжаттарымен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының қарауына беріледі. Мұндай қадам жасыл желек қорын сақтауға сеп болатынына сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы