СҚО: Мәжіліс депутаттары өңірдегі мәселелермен танысты

СҚО: Мәжіліс депутаттары өңірдегі мәселелермен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысына барған халық қалаулылары ауыл-аймақтарды аралап, Петропавлда қолданысқа берілгелі жатқан электротехникалық зауыттың құрылысымен танысты. Аталған кәсіпорын іске қосылса, жылына 12 миллиард теңгені құрайтын 13 мың дана трансформатор шығармақ. Ал оның 90 проценттен астамы шетелге экспортталады. Қазір өндіріс ошағының ғимараты қайта қалыпқа келтірілуде. Болашақта оңтүстіктен қоныс аударғандар азаматтарды қайта оқытып, жұмысқа тарту көзделіп отыр. Тіпті мамандарды баспанамен қамту жоспарда бар.

Ерлік Тайжанов, Қр Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Биылғы жылы материалдар тек бөлшектермен ғана келіп, осы жерде жиналатын болады. Орал мен Кентау қалаларындағы шығарылып жатқан трансформаторлар бізге жеткіліксіз деп. Қазіргі бөлінген қаражатқа қарап, расында да алысқа жылжитынымызды айьқым келеді.