424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазалы ауданында жасы 73-ке келген кейуана вакцина салғызды

  • 106
  • UPD: 18:46, 20.07.2021

Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцина алған 200 мыңыншы тұрғынға түрлі-түсті теледидар тарту етілді.

Қазалы ауданының 73 жастағы тұрғыны Ұрқия Тайпақ қатерлі індетке қарсы екпені ауданаралық ауруханаға қарасты емханада салдырды. Ардагер ұстаз жерлестерін індетті ауыздықтау шараларынан шет қалмауға шақырды. Қазалы ауданы бойынша 30 мыңға жуық тұрғынның жартысынан астамы екпе салдырған.

Ұрқия Тайпақ, Қазалы ауданының тұрғыны:

- Қан қысымым жоғары, көптен полиартритпен ауырамын, жүрек ауруының есебінде тұрамын. Сонда да ел-халқым аман болсын деп, эпидемия жұқпалы аурудан сақтану үшін ауруханаға келіп, екпе алып жатырмын. Жан-жағымыз, бала-шағамыз аман болсын, жан-жағымызға жұқпасын десек екпе алуға асығыңыздар.

Хабар 24 телеарнасы