Шымкенттте ауруханаға оттегі жеткізетін маман тапшы

Шымкенттте ауруханаға оттегі жеткізетін маман тапшы

Шымкентте оттегін толтырумен айналысатын мекемеде маман тапшы.

Салдарынан эпидемиялогиялық жағдай тұрақталмай тұрған шақта сұраныс 5 есеге артып, оны өтеу қиынға соғып тұрған көрінеді. Түркістан облысы мен үшінші мегаполистегі ауруханаларға оттегін жеткізіп келген серіктестік өкілдері енді күндіз-түні жұмыс істеуде. Бұрындары тәулігіне 300-400 баллонға тапсырыс түсетін болса, бүгінде 1200 ге дейін сұраныс артыпты. 12 жұмысшының әрқайсысы 100 -120 баллон толтырып, тасымалдап отырғанын айтады. Негізінде бұл серіктестіктің тәуліктік қуаттылығы 5 мың баллон. Алайда жұмыс күшінің жетіспеушілігі көп іске қолбайлау болып отыр екен.

Зәкір Қарабаев, жұмысшы:

– Жұмысшылар қиналып жатыр. Жұмыс ауыр. Түнгі сағат 2-3 ке дейін жұмыс жүріп жатыр. 2 машинамыз бар. Одан басқа тағы машина жалдадық. 4 машинамен тасып жатырмыз кислородты.