Алматыда соңғы екі аптада ковид жұқтырғандар саны 1,2 есеге артты

Алматыда соңғы екі аптада ковид жұқтырғандар саны 1,2 есеге артты

Алматыда екі аптада вирус жұқтырғандар саны 1,2 есеге артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы жыл басынан бері 74 мың адам коронавирус жұқтырған. Ал, 1 шілде мен 27 шілде аралығында 18 118 адамнан инфекция анықталды. Бұл алдын ала жасалған болжамнан да жоғары. Қазір стационарларда 956 науқас ауыр жағдайда, тағы 114-і өте ауыр жағдайда жатыр. Қалада 7 мың орын дайындалған. Резервте қосымша 3 мың орын бар. Қиын жағдайда тағы 2 мың резервтік төсек-орын дайындалады.

Нариман Табынбаев, Алматы қ. Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Негізгі болжамға сәйкес аурудың шарықтауы тамыздың бірінші онкүндігіне келеді. Болжаммен ең жоғарғы нәтижесі 12 тамызға келеді деп белгіленіп отыр. Пессимистік болжамға сәйкес аурудың шарықтауы 10-12 тамызда 1900-2000-ға дейін жағдай тіркелуі мүмкін деп жобаланып отыр. Қыркүйекте 4500 жағдай тіркеледі деп болжам жасалуда.