Жедел жәрдем қызметкерлері КВИ жұқтыратын науқастар туралы айтты

Жедел жәрдем қызметкерлері КВИ жұқтыратын науқастар туралы айтты
astana.gov.kz

Елордада күн сайын 1300-дей адамнан коронавирус анықталады.

Дәрігерлердің айтуынша, реанимация бөліміне екпе ектірмеген жəне өз бетімен ем қабылдаған пациенттер түседі. 

Ахуалдық орталықтың мәліметінше, 30 шілде күні таңертең КВИ бар 238 пациент жансақтау бөлімінде, 45 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Естеріңізге сала кетейік, ахуалдық орталық 2020 жылдың маусым айында қаланың медициналық мекемелерінің жұмысын үйлестіру және коронавирус анықталған пациенттерді стационарларға біркелкі бөлу үшін құрылған.

«Өткен тәулікте 347 адам ауруханаға жатқызылды. Көріп отырғанымыздай, жағдай мәз емес. Оған қоса коронавирусы бар амбулаториялық науқастар саны да артты. Егер өткен аптада коронавируспен ауыратын 10 мыңнан астам адам үйде емделсе, бүгінде бұл сан 12 мыңнан асып кетті», - деді мамандар.

Мамандардың айтуынша, науқастар санының өсуіне байланысты жедел жәрдем, оның ішінде МСАК ұйымдарының жанындағы мобильді бригадаларға үлкен жүктеме түсуде.

«Қоңыраулар саны 3500-ге дейін жетеді. Коронавирусқа байланысты қоңыраулар тәулігіне 300-ге дейін жетті. КВИ белгілері бар пациенттердің көпшілігі (90% астамы) екпе алмаған науқастар және медициналық көмекке кеш жүгінетіндер, өзін-өзі емдеумен айналысқандар. Бригадалар пациенттерге келгенде олардың бірінің сөйлеуге әлі келмей, кейбірі әрең дем алып жатады. Стационарға барар жолда олар нашарлай бастайды, біз қолдан келгенді жасаймыз», - дейді ЖМК бригадасының фельдшері Азамат Әлкенов.

Мамандардың айтуынша, көбіне салтанатты іс-шараларға қатысқан және медициналық маскалар тағу талаптарын елемеген азаматтар жедел жәрдем қызметін жиі шақырады.

Еске сала кетейік, елорда әкімінің тапсырмасы бойынша мобильді бригадалар саны екі есеге артты. Бұл жедел жәрдемнің, қаланың медициналық мекемелерінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге көмектеседі.