423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Iphone сатып алмақ болған шымкенттік 36 млн теңгесінен айырылып қалды

  • 497
  • UPD: 14:48, 03.08.2021
Iphone сатып алмақ болған шымкенттік 36 млн теңгесінен айырылып қалды

Iphone сатып алмақ болған шымкенттік 36 миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына хатшылық арқылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында Қызылорда қаласының тұрғыны Iphone ұялы телефондарын алып келемін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 36 млн теңгесін иемденіп кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы