Ақтауда вакцина алған студенттерге жеңілдік жасалып жатыр

Ақтауда вакцина алған студенттерге жеңілдік жасалып жатыр

Ақтаудағы университетте вакцина алған студенттер мен оқытушыларға ынталандыру сыйлықтары берілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін 18 педагог пен 30 білім алушы әртүрлі жеңілдікті ұтып алған. Атап айтқанда, оқу ақысын төлеуге және университет жатақханаларында тұруға 30% жеңілдік берілген. Жеңімпаздардың бірі – 2-курс студенті Наргиза Жүнісова. «Шет тілдер» мамандығында оқиды. Отбасымен вакцинаның 2 компонентін алып, ұтысқа қатысыпты. Осылайша, оқу ақысын төмендетуге мүмкіндік алды. Жалпы оқу ордасында 283 ұстаздың 195-і екпе алған. Ал, 5290 студенттің 2180-і вакцинацияланған.

Наргиза Жүнісова, студент:

- Instagram парақшадан университет конкурс өткізіп жатқанын көрдім, конкурсқа қатысайын деп шештім. Екінші курстан бастап 30% жеңілдікпен оқимын. 420-мен түскен болатынмын, биыл 495 болып жатыр. Мен бұрынғы бағамен оқып жатырмын. Барлық отбасыларға жеңілдік деп ойлаймын.