Ауылдарға бейнабақылау камералары орнатылып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдарға жаппай бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.

Мәселен, Шал ақын ауданындағы барлық ауылдық округ камерамен қамтамасыз етілмек. Жергілікті билік жаңа бастама қылмыс санын азайтуға сеп болады деп отыр.  

Ольгинка негізгі мектебінің директоры Әлібек Забенов енді білім ошағының маңында не болып жатқанын кабинетте отырып-ақ бақылай алады. Мұнда камералар сыртта да, ғимараттың ішінде де орнатылған.

Әлібек Забенов, Ольгинка негізгі мектебінің директоры:

– Болашақта тағы да қосымша 5 камера орнатылады. Онымен қатар дабыл қатқыш кнопкасы яғни бір керек жағдайларда сол кнопка арқылы уже аудандық РОВД біліп оытрады. Біздің мектепте сондай-сондай жағдай болған деп. Дәл қазіргі сәтте сендер ғана түсіріп жатқан жоқсыз. Біздің камера да сіздерді түсіріп осы жерде көріп тұр. Ол 30 күнде сақталады.

Соңғы жылдары облыстағы мектеп пен балабақшаларға 11 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Енді ауыл көшелерінде де көбейтіліп жатыр. Бір ғана Шал ақын ауданында биылдың өзінде 10 ауылдық округ қамтылды. Бұл жергілікті учаскелік полицейлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп отыр. 

Саят Әбішов, учаскелік инспектор:

Мысалға қараңыз, қоқыс тастап кетті. Көрініп тұр. Мұның өзі ұсақ-түйек бұзақылыққа жатады. Осымен тұрмыс қалдықтарын тастау дерегі 434 рет қайталанып отыр. Уақыты, фото суреті барлығы осы жерде жазылады.

Шал ақын ауданындағы ауылдарға бейнабақылау камерасын орнатуға 10 миллион теңге қаражат бөлінген.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Нұргүл Ахметова, Төлеген Иманов