Түркістан облысында вакцина салу бекеттерінің саны артты

Түркістан облысында вакцина салу бекеттерінің саны артты

Бұған дейін өңірдегі аудан, қалаларда 128 егу орталығы жұмыс істесе, енді 160-қа жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде 997 мың адам вакциналануы тиіс болған. Бүгінге дейін соның 662 мыңы, яғни 70% 1-компонентті, ал 545 мың адам 2-компонентті алып үлгерген. Еліміздің Денсаулық сақтау министрілігінің тапсырмасы бойынша, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін тұрғындардың 60% екпе салдыруы тиіс. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысы вакциналау бойынша елімізде алғашқы орынға шықты. Өткен тәулікті өңірде 122 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Мамандардың айтуынша, бұған халықтың жаппай екпе салдыруы мен жылжымалы вакциналау бекеттерінің артуы себеп болған.

Марат Пашимов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Бізге ең көп көмек беретін – жылжымалы пунктер. Өткен жылы денсаулық сақтау министрілігі және облыс әкімдігінің қолдауымен 12 жылжымалы пункт алғанбыз. Алдында өзімізде төртеуі болған. Барлығы 16 болды. Олар бізге қазір ең қажетті дүние. Шалғай ауылда тұратын қарапайым халықтың үйіне дейін барып, вакцина салып, коронавирусқа қарсы профилактика жасап жатырмыз.