Еліміздің екі өңірінде тағы мал қырылып жатыр

Еліміздің екі өңірінде тағы мал қырылып жатыр

Маңғыстау мен Қызылорда облыстарындағы құрғақшылықтан 1700-ден астам мал басы қырылды. Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев осылай деді.

Алайда министрлік өкілдері бұл көрсеткіштің ресми статистикаға қарағанда көп болуы да ықтимал. Осыған байланысты министрдің міндетін атқарушы қуаңшылықтан зардап шеккен шаруа қожалықтарының несие төлеу мерзімі шегерілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жарияланған Маңғыстау халқына көмек жөніндегі үндеуге қатысты түсініктеме берді. Ведомсвто қызметкерлері маңғыстаулық шаруаларға бір күндік жалақысын аударған. 

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.:

– Біз ақшаны жинап жіберейік десек шот ашылмаған екен. Сол себепті инициативамен шығып, Маңғыстау облысының әкімшілігіне ұсыныспен шықтық. Біздей ауыл шаруашылығының жұмысшыларындай ұйымдар, мекемелер бар шығар. Маңғыстау облысының әкімшілігі сол счетты арнайы ашып отыр. Сол счеттың нақты мақсатты жұмсалуы сол кісілердің бақылауында.