Алексей Цой: Коронавирустан көз жұмғандардың 97,7%-і вакцина салдырмаған

Алексей Цой: Коронавирустан көз жұмғандардың 97,7%-і вакцина салдырмаған

Өз елімізде коронавирустан көз жұмғандардың 115-і вакцина салғызған.

Екпе алып қайтыс болғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Ведомство басшысының мәліметі бойынша бұл азаматтар өлім көрсеткішінің тек 2,3%-ін құрайды. Олардың көбі қант диабеті, жүрек-тамыр ауруларына шалдыққан немесе тыныс алу жолдары зақымданған. Осы орайда министр созылмалы ауруы бар науқастарды екпе салдыруға шақырды. Биыл иммундау кампаниясына бюджеттен 95,3 миллиард теңге жұмсалған. Сатып алынған вакциналар 10 миллион 890 мың адамды қамтамасыз етуге жеткілікті.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Коронавирустан көз жұмғандардың 97,7%-і вакцина салдырмаған. Ал екпе алып қайтыс болғандар созылмалы ауруларға шалдыққан. Оларда антиденелер пайда болмауы мүмкін. Сондықтан біз осындай науқастарға вакцина салдыру қажеттілігін айтып отырмыз.