ШҚО-да коронавирус пен АҚТҚ-ның алдын алу бойынша акция жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы бойынша салауатты өмір салты жобасының мамандары коронавирус індеті мен АҚТҚ/ЖҚТБ-ның, сонымен қатар қалаусыз жүктіліктің алдын алу бойынша акция жалғасып жатыр.

«Сovid-19-дан қорғану шараларының бірі – вакцинация»;

«Өзіңді және жақындарыңды қорға»; 

«ЖҚТБ-дан өзіңізді қорғаңыз!».

Акция Жасөспірімдер үйі мен мұражай, колледж бен университетте өтті.

Акция вакцинацияның пайдасын, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, сонымен қатар қалаусыз жүктіліктің алдын алу және оны жасанды түрде тоқтатудың асқынулары мен салдарын, отбасын құруды жоспарлау және  контрацепция әдістерін айтуды әрі медициналық маскаларды, дезинфекция сүлгілерін, мүшеқаптар мен басқаларын таратуды мақсат етеді.

Іс-шара барысында 300-ден астам адам қамтылды.