Батыс Қазақстан облысында 340 адамнан коронавирус табылды

Батыс Қазақстан облысында 340 адамнан коронавирус табылды

Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 340 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды Хабар 24.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 221-інде ауру белгілері болса, 119-ы – симптомы жоқтар. Ауырғандардың 203-і ЖРВИ белгілерімен тексерілсе, 28-і бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. 107-сінен профилактикалық, 2 адамнан эпидемиологиялық бақылау мақсатында сынама алынған. Науқастардың 100-і Орал қаласында, 54-і Бәйтерек, 51-і Бөрлі ауданында тіркелген. Департамент мәліметіне қарағанда, індет басталғаннан бері 35 143 адамнан коронавирус табылып, соның 27 092-сі жазылып шықты. 678-і көз жұмды. Соның ішінде 17 884-і Орал қаласы, 4657-сі Бәйтерек, 4305-і Бөрлі, 1579-ы Теректі, 1248-і Ақжайық, 1009-ы Казталов ауданының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы екі айда 272 адамның коронавирустан көз жұмғанын жазған болатынбыз.