Павлодарлық тұрғын ұрланған етті сатып келген

Павлодар облысында тұрғын ұрланған етті құжаттарсыз сатты, деп хабарлайды Хабар 24 Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ірі қара мал ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында полиция қызметкерлері Павлодар ауданындағы ауылдардың бірінде тұрғын көрінеу қылмыстық жолмен алынған ет сатып алғанын анықтады.

Тергеу анықтағандай, тамыз айының ортасында 28 жастағы ауыл тұрғыны жайылымдық алқапта жүргенде бес бас сиыр ұрлап кеткен. Ұрлық жасағаннан кейін ер адам ұрланған сиырлардың етін ауыл тұрғынына ешқандай рұқсат құжаттарынсыз сатты. Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу және өткізу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 196-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Айта кету керек, жыл басынан полиция қызметкерлері осы санаттағы алты қылмысты тіркеген. Полиция қызметкерлері азаматтарға мүлікті бейтаныс адамдардан сатып алмауға кеңес береді, өйткені ол ұрланған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мүлікті сатып алған адамның өзі қылмыстық істе айыпталушы бола алады.