Елордада инфекциялық стационарлар жабылып жатыр

Елордада инфекциялық стационарлар жабылып жатыр

Бас шаһарда коронавируспен ауырғандар саны азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының брифингінде айтылды.

Мәселен, соңғы 2 күнде 370 орындық 3 стационар жабылған. Ал бұлар мамыр-шілде айларында, яғни індет өршіген кезде ашылған еді. Егер жағдай ушықпаса, келесі аптада тағы екі ауруханада инфекциялық орындар жабылады. Жалпы тамыз айымен салыстырғанда соңғы күндері елордада ковид жұқтыру дерегі 3 есеге кеміген. Кейінгі бір аптада тәулігіне орташа есеппен 470 адамнан вирус анықталып жатыр. Ал өткен айдың алғашқы онкүндігінде бұл көрсеткіш 1300-ге жеткен еді. Қазір инфекциялық стационарларда 1400-ден аса адам жатыр. Ауруханалар 41 процентке толық.