Елорданың емдеу мекемелері қалыпты жұмысқа оралады

Елорданың емдеу мекемелері қалыпты жұмысқа оралады
РБК

Бұған дейін ковид стационары ретінде қызмет көрсеткен ауруханалар жоспарлы ем шараларын жүргізе бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – нөмірі 3-көпбейінді аурухана. Бұл мекеменің жарақат бөлімі коронавирус жұқтырғандарды жаз бойы қабылдап келген болатын. Енді 10 қыркүйектен бастапқы мақсатына сай қызмет көрсетеді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бас қалада ковидпен сырқаттанушылық деңгейі төмендеген. Бұған қарқынды вакциналау шарасы оң әсер етті дейді дәрігерлер.