Атырауда жол жиегіне тоққа жалғанған ленталар қойылып жатыр

Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қараусыз жүрген малдың жол бойына шығып кетуіне тоқ тарту арқылы тосқауыл болады.

Бірақ төрт түлікке ешқандай зияны жоқ. Күн көзінен қуат алатын арнайы құрылғыға қосылған лентаның ұзындығы әзірге 1 шақырым. Алдағы уақытта республикалық және облыстық маңызы бар күре жол бойындағы елдімекендер тұсында орнату көзделіп отыр. Бұл бастама полиция департаментінің ұсынысы негізінде жергілікті компанияның демеушілігімен қолға алынған.

Аманжол Жұмалиев, облыстық ПД ЖПБ жол қозғалысын ұйымдастыруды қадағалау тобының аға инспекторы:

- Атырау облысы аумағында жыл басынан бері осы күнге дейін үй жануарларының қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр. Одан 7 адам әр түрлі дене жарақатын алған. Бұл ленталарды орнату мақсаты жол жиегінде жайылып жүрген үй жануарларын кернеуі төмендетілген тоқ соғу арқылы үй жануарларын қашықтату тас жолдан. Үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу және төмендету болып табылады.