Алматыдағы атыс: оқ атқан күдікті 2 айға қамалды

Алматыда сот орындаушыларына оқ атқан күдікті 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оған қатысты тергеу жүріп жатыр. Енді ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге салайық, Ақбұлақ шағын ауданындағы атыс салдарынан 5 адам көз жұмды. Олардың арасында бір сот орындаушысы мен 2 тәртіп сақшысы болғаны белгілі. Қалған екеуі – үйдің жаңа қожайыны мен оның танысы.