Алматыдағы жантүршігерлік оқиға. LIVE

Бүгін Алматының «Ақбұлақ» шағын ауданында болған атыс кезінде, 5 адамның қайтыс болғаны туралы айтқан болатынбыз. Полиция таратқан мәлімет бойынша, 1967 жылы туған қала тұрғыны сот орындаушылары мен полицияға қарсы оқ атқаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция өкілінің айтуынша, күдікті аңшы мылтығынан атқан.

Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.