Қазақстанда экологиялық кодекс қабылданды

Қазақстанда экологиялық кодекс қабылданды

Елімізде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа экологиялық кодекс қабылданды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 17-өңіраралық форумда мәлімдеді. Айтуынша, кәсіпорындарға экологиялық төлемдерден босату есебінен өндірістерді жаңғырту мүмкіндігі берілген. Бұл бизнеске белсенді технологиялық жаңартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біз парниктік газдарға квоталар саудасының ұлттық жүйесін қайта құрып жатырмыз. Оны тиісті халықаралық жүйелермен үйлестірудеміз. Тиісті ведомстволарға тәжірибе алмасу және екі жүйені ұштастыру мүмкіндігін ұсынамыз. Газды пайдалануға ерекше назар аудару керек. Отынның таза түрі ретінде. Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылданып жатыр.