Петропавлда коронавирус жұқтырғандар қоғамдық орындарда жүрген

Петропавлда коронавирус жұқтырғандар қоғамдық орындарда жүрген

Петропавлда коронавирус жұқтырған және олармен байланыста болған адамдар жиі тәртіп бұзады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық санэпидемиологиялық басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, карантинге жабылған «қызыл» және «сары» санаттағы тұрғындар қоғамдық орындарда қамсыз жүрген. Бүгінге дейін «Ашық» жүйесі арқылы 66 адамға 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Мамандар науқастарға карантиндік талаптарды қатаң сақтап, үйде отыруға кеңес береді.

Серік Аусақов, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы:

– Көбіне-көп адамдар карантин тәртібін оның соңғы 14 күні бұзады. Бұл деректер негізінен сауда үйлерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен дүкендерде тіркеледі. Сонымен қатар тұрғындардың басқа біреулердің QR-код суретімен жүргені белгілі болды.