«Елорда жастары» бағдарламасына қандай өзгеріс енгізілді

«Елорда жастары» бағдарламасына құжат қабылдау 14 қазанда басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі бұл жоба осы аптаның басында жүзеге асуы керек еді. Алайда жауаптылар біраз өзгеріс енгізген екен. Енді бағдарламаға қатысушыларға 18 млн теңгеге дейін қарыз беріледі. Бұрын бұл сомма 13 млн теңге болатын. Сосын үміткерлердің табысы 130 мың теңгеден аспасын деген бар еді. Әйтпесе, олар «Елорда жастарына» қатыса алмайды деген. Жауаптылар осы шекті 205 мың теңгеге дейін көтеріпті. Енді айына осынша табыс табатын жастар бағдарламада бағын сынай алады. Одан кейін жобаға қатысуға тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де өтініш бере алады. Үміткерлер өтінішті онлайн береді.