434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ұлттық ұланда үздік кинологтар анықталды

  • 143
  • UPD: 15:37, 16.10.2021
Ұлттық ұланда үздік кинологтар анықталды

Ұлттық ұланда үздік кинологтар анықталды, деп хабарлайды Хабар 24 Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық ұланның елорда іргесіндегі 5573 әскери бөлімінде кинолог-мамандардың арасында қызметтік иттердің қатысуымен жеке-командалық біріншілік өтті.

Жарысқа Ұлттық ұланның әр өңірінен келген командалар қатысты. 4 күнге созылған жарыстың жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Соңғы уақытта қызметтік иттерді қоғамдық тәртіпті және маңызды мемлекеттік нысандарды қорғауға пайдалану кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Жарылғыш заттар мен есірткіні іздеу қызметі дамытылуда. Арнайы мақсаттағы бөлімшелерде шабуылдаушы иттер кеңінен қолданылып келеді.

2021 жылы қызметтік иттердің көмегімен Ұлттық ұланның әскери жасақтарымен 3164 тапсырма орындалды. Қызметтік жауынгерлік тапсырмаларды орындауда саққұлақтар 112 мәрте нәтижелі қолданылды. 9 рет қылмыстың бетін ашса, 80 құқық бұзушыны қолға түсірді. Жарыс барысында Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарынан келген кинологтар мен қызметтік иттер өздеріне жүктелген тапсырмаларды тыңғылықты орындап шықты. Барлығы өз істерінің шебері екенін тағы бір мәрте дәлелдеп шықты. Жеке біріншілікте жылдам іздеу бойынша 5573 әскери бөлімінің кинолог-маманы Айдын Қадырбекұлы «Альдона» қызметтік итімен жеңімпаз атанса, жарылғыш заттарды іздестіру бойынша 5573 әскери бөлімінің кинолог-маманы Куаныш Сейдалиев «Акира» қызметтік итімен үздік шықты, ал есірткізаттарды іздеу бойынша бірінші орынға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің кинолог-маманы Руслан Раисов «Балу» қызметтік итімен жайғасты.

Командалық есепте 5573 әскери бөлімінің құрамасы жеңімпаз атанса, екінші орынға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жайғасты, ал үшінші орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы місе тұтты. Жарыстың жабылу саланатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Кубогы мен грамоталарымен марапатталды.

– Жарыс өте тартысты өтті. Бұл кинологтар мен қызметтік иттердің дәрежесі тең екенін көрсетсе керек. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл күндері қызметтік иттер жауынгерлік қызмет барысында кеңінен қолданылады. Соңғы кездері біздің мамандар қызметтік иттерімен Арыс пен Байзақелді мекенінде орын алған техногендік сипаттағыТЖ зардабын жоюда жарылмаған заттар мен жоғалған адамдарды іздестіруде тапсырмалар орындады, – деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы жауынгерлік қызмет бас басқармасының бастығы Юрий Малицкий.

Хабар 24 телеарнасы