Субсидия алған шаруалар шығынға батты

Субсидия алған шаруалар шығынға батты

Шығыстағы Зайсан ауданында бірнеше шаруа мемлекеттен алған субсидияны қайтаруға мәжбүр.

Олар 2018-жылы Ресейден асыл тұқымды ақбас сиыр сатып алған. Малды әкелген кезде заңда көрсетілген барлық салық түрлерін төлеп, карантиндік ережені де орындаған. Субсидия да соған сәйкес берілген. Бірақ арада екі жыл өткенде сол демеу қаржыны қайтару туралы хат келген. Қазір кейбір шаруалардың есепшоттары бұғатталып, тығырыққа тіреліп отыр.

Амалы таусылған Айдос Нәбиев қазір малын сатудың жолын қарастырып жатыр. Ол 2018 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен Ресейден 120 ақбас сиыр әкелген. Ол үшін 70 миллион теңге несие алған. Әр басқа 570 мың теңге төлеген. Шаруаның айтуынша кедендік алым салық және жол шығыны, карантиндік төлемдерді қосқанда бір басқа шамамен 800 мың теңге жұмсаған. Соған сәйкес мемлекеттен 16 миллион теңге субсидия алған. Демеу қаржыны қайтаратынын арада екі жыл өткенде сол бірақ білген.

Айдос Нәбиев, шаруашылық жетекшісі:

– Міне 8 млн несие төлеуім керек. 16 млн ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорына беруім керек. 1 жарым млн теңгені сот орындаушысына беруім керек. Ондай миллионер болсам, сіздерден қарыз алып нем бар. Несие алып нем бар. Қазір сот орындаушы менің бүкіл банк шоттарымды бұғаттап тастады. Қазір шешемнің зейнетақысын да ала-алмай отырмыз.

Шаруашылық иесі енді мал-мүлкін сата алмай отыр. Қаржылық тығырыққа тірелгендіктен биыл жем-шөпті де дұрыс алмаған.

Бұл шаруашылықта 185 сиыр бар. Осы малды қыстан толық аман-есен алып шығу үшін кем дегенде 10-15 миллион теңге керек. Ал мемлектетен асыл тұқымды малға бір жылда 225 мың теңге субсидия беріледі. Шаруалар үшін қазір негізгі мәселе сол қайтарымсыз берілген демеуқаржының қайтарымында болып тұр.

Шарауа мемлекеттен субсидияны қаржылай қолдау қоры арқылы алған. Қор қызметкерлері ол қаржы шетелден сатып алған әр сиырдың бағасына көмек ретінде берілгенін айтады. Яғни белгілі мерзімде қайтарылатын субсидия түрі екені келісімшартта нақты жазылған- деп, отыр.

Ержан Тұрысбеков, қор директорының орынбасары:

– Субсидияның осы түрін алып қайтармаған шаруаларға қатысты соттың шешімі бар. Мерзімі де өтіп өткен. Бірақ біз оған қарамастан екіжақты келісім жасап, бір мәмлеге келудің жолдарын қарастырып жатырмыз.

Қаржылай қор қызметкерлері субсидия болғандықтан ешқандай процент қосылмайтыын айтады. Ал шаруалардың бұған дейін бұғатталған қаржылық есепшоттары қарызды қайтара бастағанда ғана ашылуы мүмкін.

Авторлары. Олжас Керейхан. Жігер Бабаханов