430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда халық санағынан 17 млн адам өтті

  • 91
  • UPD: 16:25, 26.10.2021

17 миллионнан астам қазақстандық Жалпыұлттық халық санағына қатысты.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов хабарлады.

Айтуынша, қатысушылардың 40 проценті санақтан онлайн форматта өтсе, қалғаны сауалдарға офлайн жауап берді. 

Бұл науқанда алматылықтар ерекше белсенділік танытты. Мұнда 2 миллионнан астам қатысушы тіркелді. Үздік үштікте Түркістан мен Жамбыл облыстары да бар. Естеріңізге салайық, биылғы халық санағы қазанның 30-ында өз мәресіне жетеді. Ал мәліметтерді нақтылау қарашаның 8-іне дейін созылады.

Хабар 24 телеарнасы