Алматы әуежайы ұшаққа жанармай құюға шектеу қойды

Алматы әуежайы ұшаққа жанармай құюға шектеу қойды

Алматы әуежайы жолаушылар ұшағына жанармай құюды шектеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша тұрақты рейстердің үздіксіз қатынауын қамтамасыз ету көзделген. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. Мәселені Қазақстандағы авиациялық отынның тапшылығымен байланыстырып отыр. Тіпті, бір реттік чартерлік рейстерде тоқтатылған. Бұл шаралар Алматы халықаралық әуежайының үздіксіз жұмыс істеуі үшін қабылданған.