Ақмола облысында карантин талаптары жеңілдетілді

Ақмола облысында карантин талаптары жеңілдетілді

Атап айтсақ, бүгіннен бастап қалааралық және туристік бағыттағы автобус қатынасы қайта жанданды.

Театр, кинотеатр, концерт залдары секілді мәдениет нысандары да жұмыс істейді. Бірақ сыйымдылық 20 проценттен аспауы тиіс. Сонымен қатар спорт кешендерінің де қызметіне рұқсат берілді. Әрі спорттық шараларды көрермендер шақырумен өткізуге де мүмкіндік туып отыр. Алайда мұнда да нысанды 15 процентке ғана толтыруға болады. Сондай-ақ демалыс күндері базарлар мен сауда орталықтарына және басқа да көпшілік орындарына салынған шектеулердің бәрі алынып тасталды. Ал мұндай жеңілдіктер өңірдің «сары аймаққа» өтуіне байланысты жасалды, дейді мамандар.