Әлем елдері Рождествоға дайындалуда

Әлем елдері Рождествоға дайындалуда

Жаңа жылға әлем жұрты әлден дайындалып жатыр.

Ватикан биіктігі 28 метрлік шырша орнатты. Жасы 100-ден асатын алып ағаштың салмағы шамамен 8 тонна. Мерекеге орай шырша жағу рәсімі желтоқсанның басында өтпек.

Рождество дүбірі Ватиканнан бөлек әлемнің басқа елдерінде де сезіледі.Тақауда АҚШ президентінің резиденциясына 6 метрлік шырша жеткізілді. Ол Ақ үйдің бірінші қабатына орнатылады.

Ал Дания астанасындағы танымал Тиволи саябағында бірден бір мың жасыл ағашты безендіріп, шамдарын жағып қойды.

– Расымен де керемет. Безендірілген шыршалар қатты ұнады.

– Копенгагенге келгенде Тиволи саябағы жайлы көп естідім. Маған бұл жердің қыс кезінде өте әдемі болатынын айтты. Сол үшін де осында келдім. Өте көрікті жер екен.