Ақтауда ауа құрамынан зиянды зат анықталған жоқ

Ақтауда ауа құрамынан зиянды зат анықталған жоқ

Ақтауда ауа құрамы таза. Тұрғындар шағымынан соң экологтар бірнеше жерден сынама алған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Нәтижесінде ағзаға зиян келтіретін зат анықталған жоқ. Кеше қала халқы түтінге ұқсас ащы иістің ауаға таралғанын әлеуметтік желілерде жариялаған еді. Аймақтың төтенше жағдайлар департаменті сол мезет облыс орталығында өрт оқиғасы тіркелмегенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгінде кей жерлерде жағымсыз иіс байқалады. Нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Құтқарушыларға шақырту түспеген.

Сағадат Хансейітов, Экология департаменті басшысының орынбасары:

– Ақтау қаласының бірнеше шағын ауданында асмосфералық ауа сынамасына талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша асмосфералық ауада ластау шарттардың шекті нормадағы көрсеткіштен аспағандығы анықталды. Алдағы уақытта экология департаментінің мамандары талдау жұмыстарын жалғастыратын болады.