Елордада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қандай жағдай жасалып жатыр

Елордада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қандай жағдай жасалып жатыр
astana.gov.kz

Елордада оңалту орталықтарының желісі айтарлықтай кеңейтілді. Елорда әкімдігі ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды оңалту үшін жағдай жасау жұмыстарын жүйелі негізде жүргізіп жатыр. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтендіру және оңалту үшін жағдай жасауға ерекше назар аударамыз. Мысалы, биыл жазда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылды (Кенесары көшесі, 9/1, Сарыарқа ауданы). Балабақшада педагогтермен қатар медицина қызметкерлері де балалармен айналысады. Бұл баланың физикалық, психикалық даму ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, баланың жеке басын жан-жақты қалыптастыру, балалардың мектепке дайындығын қамтамасыз ету. Мекемеде физиотерапия, логопед-дефектолог, офтальмолог және т.б. кабинеттер бар», - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Қала аудандарында 29 «Үйдегі дәрігер» нысаны ашылды, инватакси саны 2 есеге артты. Жаңа үйлердің бірінші қабаттарында «қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, медициналық орталықтар және т. б. ашылады.

Бұдан басқа, өткен жылы елордада БЦП, аутизм, Даун синдромы және т.б. диагноздары бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар ірі оңалту орталықтары ашылды, мысалы, «Асыл Мирас» жаңа аутизм орталығы (Уәлиханов көшесі) аутистік спектрдің аурулары бар балаларды 50%-ға көбірек қамтуға мүмкіндік берді. Бұл жоба Б.Өтемұратов қорымен бірлесіп іске асырылды. Сол үйде тағы бір оңалту орталығы БЦП, аутизм диагнозы және басқа да бірқатар аурулары бар балалармен айналысады.

№ 1 қалалық балалар ауруханасы базасында Тұңғыш Президент Қоры мен «Самұрық-Қазына» қолдауымен өткен жылдың күзінде «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Бұл БЦП диагнозы бар 600-ге жуық баланы жыл сайын қосымша тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.