Қазақстанда бір тәулікте пневмония мен коронавирустан 20 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте пневмония мен коронавирустан 20 адам қайтыс болды

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 желтоқсандағы ақпарат жарияланды.

12 желтоқсандағы мәлімет бойынша 21 211 адам коронавирус инфекциясынан (18 418 КВИ+ және 2 793 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 145 пациент стационарда, 17 066 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

332 адамның жағдайы ауыр,

85 пациенттің жағдайы өте ауыр,

66 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.