Қазақстанда «Елім-ай» Ұлттық экологиялық туризм қауымдастығы құрылды

Қазақстанда «Елім-ай» Ұлттық экологиялық туризм қауымдастығы құрылды

Елімізде «Елім-ай» Ұлттық экологиялық туризм қауымдастығы құрылды.

Статистикалық мәліметтерге үңілер болсақ, биылғы жылдың тоғыз айында ұлттық парктерге барған саяхатшылар саны 1 млн жуықтаған. Бұл көрсеткішті еселеу үшін талай іс тындырылуы шарт. Міне ұлттық экологиялық туризм қауымдастығы осы мақсатта құрылып отыр. Сонымен қатар табиғи алуантүрлілікті сақтай отырып ұлттық парктердегі инфрақұрылымды жетілдіру көзделген. Жалпы әлем бойынша экотуризм жыл сайынғы өсімнің 10-15%-ін құрайды. Ал пандемия кезінде оның үлесі 30%-ке дейін артқан.

Данияр Тұрғамбаев, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының орынбасары:

- Экологиялық туризмнің ең бірінші маңызы ол табиғатқа зиянын тигізбеу. Ағартушылық жұмыстарды жүргізу. Сондықтан осы қауымдастықпен бірлесіп, осы жұмыстарды бірлесе нығайтамыз деп сенеміз.