«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен ақтаулық 53 отбасы баспаналы болды

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен ақтаулық 53 отбасы баспаналы болды

Ақтауда 53 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады.

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар бүгін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен 2 бөлмелі пәтердің кілтін алды. Жалдамалы баспаналар 19-шы шағынауданнан берілді. Осы мақсатта мемлекет қазынасынан 790 млн теңге бөлінген. Бұл қаражат облыс орталығында жаңадан салынған пәтерлерді сатып алуға жұмсалды. 8 баланың анасы Қамар Айтжанова да осыларды қатарында.

Қамар Айтжанова, көпбалалы ана:

– Қуанып жатырмын. Балаларымның арқасы үй алып жатқаным. Қатты күттім мына үйді. Көп-көп рахмет айтамын. 10 жылдай тұрдым кезекте.

Әбілқайыр Байпақов, қала әкімінің орынбасары:

– Жалдамалы баспана көпбалалы отбасыларға арналған. Ақтау қаласында кезекте тұрған отбасыларға кезең-кезеңімен үй тапсыруға, алда егер қаржы бөлінсе жоспарымыз бар.