Түркістанда 40 мың долларға қошқар сатылды

Түркістан тұрғыны Фермер каштан атты ең қымбат қошқарын сатты, деп хабарлайды Хабар 24.

Видео авторы Әнуар Рүстемовтың айтуынша, ел тарихында алғаш рет асыл тұқымды мал осындай ірі сомаға бағаланған. Яғни 18 миллион теңгеге сатылған. Қошқардың бойы 1 метр 5 сантиметр. Оның жаңа иесі енді жергілікті фермер Қуаныш Мықтыбаев болды.