435,20 494,00 5,55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде бұлан басы үш есе көбейді  

  • 121
  • UPD: 09:58, 27.12.2021
Елімізде бұлан басы үш есе көбейді  

Киік қана емес, елде бұлан да көбейіп келеді.

Жалпы ақбөкендер 80-90-шы жылдары Арқадан батыс өңірге ауса, солтүстіктегі бұландар бізге қарай таяған. Тұрқы биік жануардың Қазақстан бойынша саны 6555-ке жеткен. Яғни, үш есе өсіп отыр. Олардың көбі қазір Шығыс Қазақстан аумағын мекендейді. Бұл – ең ірі сүтқоректі жануар. Бұғылар тұқымдасына жатады. Өріс ауыстырып, ауып жүреді. Теңіз деңгейінен 2 жарым мың метр биіктіткке дейін көтеріліп, жайыла береді. 

Жалпы бұлан тундраны, сол секілді орманды алқаптарды мекендейді. Біздің елде Алтайды өрлеп, солтүстік пен Арқаға дейін келуі мүмкін. Дерек бойынша, Жайық пен Ертісті бойлай көшеді. Аңшылардың айтуынша, бұландар ресейдегі орман өртінен қашып келген болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы