Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық домені қашан қалыптасты

Қазіргі таңда елімізде «.кз» және «.қаз» атауымен тіркелген 163 мың домендік атау бар, деп хабарлайды Хабар 24. 

Қзақстан интернет кеңістікте ешкімге тәуелді емес. Яғни өзінің жоғары деңгейлі ұлттық домені бар. Біреу емес екеу. Алғашқысы латын әрпіндегі нүкте KZ болса, екіншісі кирилица һарпімен жазылған нүкте «ҚАЗ» деп аталады. Сондай-ақ елде сайт атауларын бекіту, пайдалану бойынша қағида жасалып, жүйелі жұмыс істеп тұр. Оны қанша адам қолданады?

Қазір интернетте кез келген сайттың қай елге тиесілі немесе қай бағытта жұмыс істейтінін сілтеме соңындағы екі-үш әріптен білуге болады. Мәселен, соңында Кз белгісі болса, сайт Қазақстанда тіркелген, Ресей ру, Өзбекстан УЗ. деп кете береді. Бірақ бірін-бірі қайталамайды. Оны реттеп отыру үшін 1987 жылы АҚШ-та арнайы ұйым құрылып, мемлекеттерге жоғары деңгейдегі домендерді бекітіп берумен айналысты. 1991 жылы тәуелсіздік алған Қазақстан алғашқы доменді осы ұйымда тіркеді.

Оңғарбай Дәнебеков, IT компаниялар қауымдастығының атқарушы директоры:

– 1991-1994 жылдары біздің Қазақстан кеңістігіндегі интернет те Ресей Федерациясының домендік атауымен жүргізіліп жатты. 1994 жылы қыркүйек айынан бастап Семей қаласында реалком деген компания арқылы өзіміздің Қазақстанның домендік атауы КЗ домендік атауына көшті.

Осылайша елде жаңадан ашылған сайттар КZ ұлттық доменімен тіркеле бастады. Ал 2012 жылы ел билігі кирилица қаріпіндегі «.ҚАЗ» жоғары деңгейлі екінші ұлттық доменді іске қосты. Бұл желілерде мемлекеттік тілдің қолданысын арттыруға ықпал етуі тиіс еді. Алғашқы жылдары белсенділік болды. Бірақ латын әліпбиіне көшу туралы сөз қозғалған сәттен бері бұл доменмен тіркелушілер азайып, «.КЗ-ті» қолдануышлар қайта көбейді.

Айдана Алтаева, ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сарапшысы:

– Қазіргі таңда «.кз» және «.қаз» атауымен тіркелген 163 мың домендік атау бар. Олардың 88500-і белсенді қолдануда. Оларды шетелдік азаматтар да қолдана алады. Ешқандай шектеу жоқ. Алайда интернет кеңістігінде бөлу, тіркеу, орналастыру қағидаларының басты талаптарын орындау қажет. Олардың бірегейі және негізгісі ол отандық немесе шетелдік қауіпсіздік сертификаттарын пайдалану және ҚР орналасқан аппараттық бағдарламалық кешенде орналасу.

Жалпы елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық доменді пайдаланушыларға бірнеше шарт қойылады. Тіркелген домен зиянды әдеттер мен заттарды насихаттамауы тиіс. Заң талаптарын орындап, ақпараттық базасын Қазақстанда сақтауы керек.

Оңғарбай Дәнебеков, IT компаниялар қауымдастығының атқарушы директоры:

– Қазақстандық сайттарды шетелдік домендерге тіркелген. Солардың бәрін анықтап, бізге хат жазып, біз тіркелушілерге хат жазып. Солардың көбін қазақстандық доменге көшіруге жұмыс жүргізіп жатыр. Ал көшіре алмаған сайттар Қазақстанда қолжетімсіз болады. Қазақстанның тауарын, Қазақстан азаматтарын жарнамалайтын сайттар тек Қазақстанда тіркелуі керек.

Айдана Алтаева, ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сарапшысы:

– Желтоқсан айындағы жағдай бойынша олардың саны 13 мыңға жуық. Жыл басынан бері 4068 доменді тоқтату жүргізілді. Сондай-ақ министрлік мекен-жайына осы домендік атау иелерінен сұраныстар түсіп жатыр уақытты шегеру бойынша.

Қазір елде доменді бөлу және тіркеумен айналысатын 13 компания бар. Соларға онлайн өтініш беру арқылы кез келген доменді меншіктеп алуға болады. Жыл сайынғы жарнапұл 3-5 мың теңге арасында. Саланың қыр-сырын меңгергендер доменді саудалап, пайда табатын көрінеді. Мұндай жағдай халықаралық тәжірибеде бар.

Оңғарбай Дәнебеков, IT компаниялар қауымдастығының атқарушы директоры:

– Мысалы сіздерде телевидениеде ТВ деген домендік атау бар. Ол негізі кезінде Тувал деген мемлекеттің  атауын 10 миллион долларға телевизияны реттейтін ұйымдарға сатқан. Сіздің атыңызға тіркелген домендік атауды басқа адамға тіркеу біз үшін ешқандай қиындық тудырмайды. Ол үшін біз ақша да алмаймыз. Тек домендік атауға жыл сайын төлеп тұрса болды. Бір жылда екі рет ауыстыруыңыз мүмкін. Өзіңізде болуы немесе басқаға беруіңіз мүмкін.

Айта кетейін, Қазақстан латын әліпбиіне көшудің алғашқы қадамдарын жасады. Егер ол қабылданса, елде ұлттық домендер де QZ және QAZ болып өзгеруі мүмкін. Бұл мәселе бойынша жауапты органдар ұлттық доменді тіркейтін халықаралық ұйыммен келісімге келген.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Жандос Базаров Ерлан Наурызбаев