Еліміздегі мүлік салығына өзгеріс енгізілді

Еліміздегі мүлік салығына өзгеріс енгізілді

Бүгіннен бастап қазақстандықтар көп пәтерлі тұрғын үйдегі қойманы пайдаланғаны үшін салынатын салыққа есеп бермейді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұған дейін ел азаматтары тұрғын үйдегі қойманың құнын анықтауға және салықтық есепті жүргізуге міндетті еді. Енді қойма иелері 2022 жылдың салықтық кезеңі үшін есеп беру машақатынан босатылды. Былтырғы желтоқсанда Салық кодексінің 529 бабына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Онда көп қабатты үйлерде орналасқан, жеке мақсатқа қолданылатын қоймалар мен көлік қоятын орындарға мүлік салығын салу тәртібі өзгерген. Бұл салықты тиісті орган есептеп, өздері белгілейді. Бұрын тұрғындар нысанның құнына орай салық мөлшерін өздері анықтап, өз бетінше есеп беретін. Заң бойынша өкілетті органдар қоймаға салынатын салық мөлшерін шілденің біріне дейін жөнелтеді. Ал салық қазанның біріне дейін төленуі керек. Мүлік салығындағы өзгерістер жайлы қаржы министрлігінің өкілдері мәлімдеді.