Маңғыстау облысы: газ бағасын негізсіз көтергендерге шара қолданады

Жергілікті әкімдік газ бағасын негізсіз көтергендер анықталса, шара қолданады, деп хабарлайды Хабар 24.

Ал энергетика министрлігінің өкілдері сұйытылған газ электронды жүйе арқылы саудаланатынын алға тартты. Операциялық шығындар мен кәсіпкерлердің пайдасын қоспағанда таза құны 85 теңге. Оның бағасын нарықтағы сұраныс пен ұсыныс реттейтінін айтады. Бүгін Жаңаөзен жұрты газдың қымбаттауына наразылық білдірген еді. Тұрғындар қала әкімдігінің алдына жиналып, бағаны төмендетуді талап етті.

Наразы топ өкілдерінің айтуынша, көгілдір отын бір түнде 20 теңгеге шарықтап кеткен. Қазір литрі 120 теңгеден сатылып жатыр. Былтыр жанармай бекеттерінде 38-40 теңгеден болған. Осыған байланысты тұрғындар облыс әкіміне газ бағасын 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етіп, үндеу жасады.