Шымкенттегі зообақтың алдына жолбарыстың мүсіні орнатылды

Барыс жылының құрметіне орай Шымкенттегі зообақтың алдына жолбарыстың мүсіні орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зообақ қызметкерлері мүсінді құрылыста қолданатын кәдуелгі сыммен құрастырған. Сыртын арнайы материалдармен қаптап, «белюр» матамен түсін келтірген. Содан түнде жарық беріп тұратын әшекейлерді жабыстырыпты. Жолбарыстың ұзындығы 5 метр, ал биіктігі 2,5 метрді құрайды. Мүсінді жасауға жалпы 120 келі сым кеткен. «Туынды Зообақ директоры Нұрғазы Бұхарбаевтың бастамасымен жасалды. Жоба бойынша 6 қызметкер жұмыс істедік. Ерлер құрылымын құрастырсақ, қыз келіншектер матасын тікті. Қазір жолбарыс қалаға сән беріп тұр», - дейді зообақ суретшісі Талғат Палымбетов.