Өскеменде жедел қызмет және ХҚО жұмысы шектелмейді

Терроризмге қарсы іс-шараларға байланысты басқа өңірлердегі сияқты Шығыс Қазақстан облысында да интернет байланысы бұғаттауға үшырады.

Жергілікті тұрғындар үш күні бойы түстен кейін ғаламтор желісіне кіре алмады. Соған қарамастан осы шектеулер кезінде халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын тоқтатқан жоқ. Мұнда мемлекеттік қызметтің барлық түрі қол жетімді. Тек Өскемен, Семей қалаларындағы арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Себебі ондағы әкімшілік полиция қызметкерлерінің барлығы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған. Жедел жәрдем қызметі штаттық режимде жұмыс істеді. Диспетчерлер үздіксіз интернетпен және телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Тек дәрігерлік планшеттердің орынын ауыспалы рациялар алмастырған. 

Гүлнәр Текіманова, облыстық жедел медициналық станция басшысының орынбасары:

- Жедел жәрдем станциясы тамаша істеп шықты осы күндерде. Интернет связь болмаса да, бізде өзімізде рация бар. Рациямен біз қамтамасыз еттік неотложный бригадаларды. Бәріміз бірге сол күндерден қазірге дейін істеп жүрміз.