Алматы әуежайы ашылды

Қалада төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі.

Сондықтан терминал жолаушыларға тек таңғы 08:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ішкі және халықаралық рейстер іске қосылады. Қауіпсіздік үшін әуежайға тек жолаушылар кіре алады. Ал шығарып салушылар мен күтіп алушылардың ішке өтуіне тыйым салынады.

Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыдан алғашқы жолаушы ұшағы Нұр-Сұлтанға аттанып та үлгірді.