СҚО-да тұмау өршіп тұр

СҚО-да тұмау өршіп тұр

Өңірде 30-ға жуық адам тұмау, 18 мың тұрғын жедел респираторлық вирусты инфекцияға шалдыққан, деп хабарлайды Хабар 24.

Эпидемиолог мамандар осылай деп дабыл қағуда. Себебі былтыр осындай уақытта өңірде тұмау тіркелмеген екен. Мұнымен қоса облыста коронавирус жұқтырғандар саны да көбейіп барады. Мәселен, өткен аптамен салыстырсақ, аурушаңдық деңгейі 11 процентке артқан. Осыған байланысты мамандар санитарлық талаптарды қатаң сақтауды ескертіп отыр. Инфекциялық стационарда  158 адам ем қабылдауда. Олардың 80 проценті жасанды тыныс алу апаратына қосылған. Ал 21 науқас жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның 16-сының жағдайы аса ауыр.

Арман Күшбасов, облыстық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Облыста 29 адамнан H3N2 тұмауы анықталды. Ал былтыр ол мүлдем болмаған еді. Бұл өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін. Қазірдің өзінде елорданы көріп отырмыз. Сақтық шараларына мән бермесек, он шақты күннен кейін бізде де коронавирус жаппай таралуы мүмкін.