Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

Түркістан облысында алғашқы бәйшешек бүр жарды.

Бәйдібек ауданындағы Боралдай тауында гүлдеген бәйшешекті «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, Боралдай филиалының директоры Бақытжан Қырықбай фотоға түсіріп, Фейсбук парақшасында жариялады. Оны парктің бөлім меңгерушісі Ғани Назарбек те растап, өз парақшасында оқырмандармен бөлісті.

«Түркістан облысына көктем келді. Боралдай тауы» делінген жазбада. Айта кетейік, қыс мезгілінде еліміздің оңтүстігінде жыл сайын бәйшешек гүлдейді. Мәселен, көктемнен хабар беретін өсімдік 2019 жылы 17 қаңтарда гүлдеген еді. 2020 жылы жергілікті тұрғын 31 қаңтарында бәйшешектің гүлдегенін фотоға түсіріп алған болатын. Ал өткен жылы алғашқы сурет 1 ақпанда жарияланды. Биыл 14 қаңтарда бүр жарды.