Алматы облысында 17 қаңтардан бастап карантиндік шектеу күшейтіледі

Алматы облысында 17 қаңтардан бастап карантиндік шектеу күшейтіледі

Алматы облысында 17 қаңтардан бастап карантиндік шектеу күшейтіледі. Өңір эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты «сары» аймаққа өтті.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясына шалдығудың 257 дерегі тіркелді. Алдағы дүйсенбіден бастап облыстағы «Ашық» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану орындары ғана келушілерді қабылдай алады. Оның өзінде толымдылық 50 проценттен аспауы тиіс. Ал кинотеатрлар 30 проценттік шектеумен көрермен қабылдай алады. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істесе, жоғары және кәсіптік білім беретін оқу орындары аралас оқыту режиміне көшеді. 477 мектепке қалыпты жағдайда жұмыс істеуге рұқсат берілді. Өйткені ол білім ошақтарындағы бала саны 600-ден аспайды. Қалған мектептер қашықтан оқытуға көшеді.

Жаңыл Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Ата-ана баланы балабақшаға жіберетін болса, онда бала барады. Ата-ана өзі шешеді. Алматы қаласында 3 мектеп-интернатымыз бар, олар онлайн-режимге көшіп отыр. Сонымен қатар 3 балалар үйі бар, олар да осылай штаттық режимде жұмыс істейді.