Қаңтар оқиғасы: денсаулық сақтау нысандарына 20 шабуыл жасалды

Қаңтар оқиғасы: денсаулық сақтау нысандарына 20 шабуыл жасалды

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде денсаулық сақтау нысандарына 20 шабуыл жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры мәлімдеді.

Төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап 2 мың 678 зардап шегуші медициналық көмекке, оның ішінде 1 мың 815-і амбулаториялық көмекке жүгінген. 863 адам стационарлық ем алуда, 598 пациент шығарылды, 265 емдеуді жалғастыруда, 67 науқас ауыр халде реанимацияда, 500-ден астам күрделі хирургиялық операция жасалды.

Әсел Артакшинова, ҚР ДСМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры:

– Денсаулық сақтау нысандарына 20 шабуыл жасалған (5 стационар, 1 МСАК және 14 дәріхана – барлығы Алматы қаласында орналасқан), 7 медицина қызметкері (Алматыда – 5, Шымкент қаласында – 1 және Алматы облысында – 1) және 4 өңірде 45 жедел медициналық жәрдем автокөлігі (Алматы - 31, Шымкент - 7, Алматы - 5, Жамбыл-2) зардап шекті, оның ішінде 4 автомобиль жөндеуге келмейді.