Шымкентке жарық берілді

Шымкентке жарық берілді
Иллюстративті фото / 24.kz

Шымкент шаһарына жарық беріле бастады.

Аймақтағы тілшіміздің хабарлауынша, осыған дейін бүкіл қалада, электр қуаты үзілген еді. Қала көшелерінде бағдаршамдар істен шығып, ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болған. Ал тұрғындар интернет желісін де пайдалана алмай шағымданды. Әкімшілік аталған жағдайға байланысты түсініктеме берген жоқ. Тек қаланы электр қуатымен қамтамасыз ететін КEGOC компания желісінде апат болғанын жеткізді.