«Омикрон» неге жылдам тарайды?

«Омикрон» неге жылдам тарайды?

Омикрон коронавирустың алдыңғы штамдарына қарағанда әлдеқайда өміршең. Арнайы зерттеу жүргізген жапон ғалымдары осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдардың айтуынша, омикрон пластик бетінде 8 тәулік, ал теріде бір тәуліктей сақталады. Оның коронавирустың өзге түрлеріне қарағанда жұқпалы болуы да содан, дейді мамандар. Ал коронавирус әдетте науқас адамнан жұғатынын айтады. Немесе аурудың сілекейі, түшкірігі арқылы таралады.